Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Жарияланған December 2021

213

86

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метақұзыреттілігін дамытудың әдіснамалық маңызы сипатталады. Ең алдымен, философиялық (ақылға күшті болу, өзін-өзі тануға ұмтылу, өзі үшін, жаңа ойдан келетін таңғажайып пен қуаныш жолындағы ілім, таным, сезім танымы, диалек-тика және т.б.) талдаулардағы негізгі ұғымдық категорияларды жіктеп көрсетеді. Метақұзыреттілік түсінігінің психологиялық (белсенділік, біртұтастық және дербестік қасиеттері), педагогикалық (үздіксіз білім алуға дайындық, қолда бар білімді, дағдыларды, қабілеттерді жаңа қызмет объекті-леріне беруге дайын болу) аспектілері талданады. Метақұзыреттіліктің субъективтілігі құрылымдық жағынан баяндалады. «Метақұзыреттілік» ұғымының контент-талдауы беріледі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метақұзыреттілігін дамытудың әдіснамалық тұғырлары әдіснамалық тұғырлар (жүйелілік, тұлғалық, көпсубъектілі, синергетикалық) мен қағидаларды (ұмтылысты демеу, субъекті-лік) ұсынылады. Әдіснамалық қағидаларға сәйкес, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мета-құзыреттілігін дамытудың компоненттері (мотивациялық, мазмұндық, рефлексиялық), өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалып беріледі. Компоненттердің құрылымдық-мазмұндық сипатын беруде анықтаушы эксперимент бойынша диагностикалық жұмыстар талданады. Эксперименттің нәтиже-лері көрсеткіштерге сай пайыздық өңдеулер арқылы түсіндіріледі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метақұзыреттілігін дамытудың тиімділігіне қарай ұсыныстар қарастырылады.

pdf (Русский)