Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Жарияланған December 2021

158

241

Павлодар педагогикалық университет
Аңдатпа

Қазақстандық мектептерге орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге байланысты жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру туралы мәселе өзекті болып отыр. Математика жеке тұлғаның жалпы дамуына ғана емес, сонымен қатар мінезді, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алады және әлемді эстетикалық қабылдауын дамытуға ықпал етеді. Осылайша, педагогикалық университеттерде математикалық пәндерді оқытуда бірқатар қиындықтарға тап болды.

Қазақстандық мектепті жаңартудың тиімділігі, педагогтердің инновациялық үдерістердің негізгі идеяларын түсіну деңгейіне және осы өзгерістерді іске асыруға дайындығына байланысты. Бұл жағдайда болашақ мұғалімдерді, атап айтқанда математикалық пәндер оқытушыларын дайындауда жауапкершілік мөлшері арта түседі. Өйткені, математикалық білім беру және математика мұғалімінің математикалық дайындық деңгейі, көбінесе халықтың білім деңгейін және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды.   Сондықтан да,  орта білім беру мазмұнын жаңартуға, математика мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындары ден қоюы тиіс, яғни университетте болашақ математика мұғалімдерін дайындау мәселесі жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы шешіледі.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джарасова Г.С., Сейтханова А.К., Токжигитова А.Н. , . 2021. МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ САПАСЫНА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 133–142. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.16.