Бұл мақалада жалпы болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігінің құрылымы теориялық тұрғыдан негізделініп, мазмұны тұжырымдалды. Ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілік анықтамасы берілді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде білім беруді цифрландыру жағдайында білім алушылардың ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігін қалыптастыратын ортаның архитектурасын жобалау қарастырылды. Білім алушылардың ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігін білім, дағды және потенциал критерийлері бойынша анықталып, сипаттау түрінде көрсетілді. Білім алушылардың ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім беруді үш кезең бойынша қарастырылды. Студенттердің ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігін анықтауға арналған сұрақтар үлгісі білімнің ұтқырлығы, икемділік әдісі және сыни ойлау бойынша құрылды. Ситуациялық тапсырманы орындау үшін студенттер орындау деңгейін ақпараттық, импровизациялық, эвристикалық деп бөліп, ақпараттық деңгейге зертханалық жұмысты, импровизациялық деңгейге студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын және эвристикалық деңгейге студенттің өзіндік жұмысын орындауын қарастырдық. Болашақ информатика мұғалімдерінің ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілігін дамыту бойынша оқыту технологиясының артықшылықтары көрсетілді және критериалды бағалау бойынша білім алушылардың білім жетістіктері бағаланды. Тәуелсіз Стьюденттің t-критерийі бойынша эксперимент жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында алынған нәтижелерден тәуелсіз Стьюденттің t-критерийі бойынша эксперименттік жұмыстың тиімділігі және қойылған болжамның расталғандығы бекітілді.
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған December 2021
101
147
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сейсенбекова П.Б., . 2021. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 142–152. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.17.