Аталмыш мақала орта білім беру деңгейіндегі гетерогенді топтарда шеттілдік білім беру арқылы ағылшын тілі сабағында саралап (дифференциалды) оқытуды қолданудың ерекшеліктері мен дифференциалды оқытуды ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге арналған. Аталмыш зерттеу жұмыстың өзектілігі көп деңгейлі топтарда шет тілін оқыту үдерісін ұйымдастыруда көптеген практикалық сұрақтарды шешу қажеттілігімен және шеттілдік оқытудың тиімділігін арттыруда барлық оқушыларды сабаққа белсенді араластырып, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тиімді оқыту формалары мен әдіс-тәсілдерді зерттеудің қажеттілігімен сипатталады. Аталмыш мақаланың мақсаты көпдеңгейлі топтарда шеттілдік білімнің тиімділігін артттыру мақсатында дифференциалды оқытуды қолданудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу жұмысында бақылау, педагогикалық эксперимент, саралау және дифференциациялау әдістері қолданылды. Ағылшын тілі сабағында өткізілген дифференциалды оқытуға арналған экспериментке жетінші сыныптың он алты оқушысы қатысты, ал он бес оқушы бақылау тобында болды. Зерттеу барысында ағылшын тілі сабақтарында деңгейлік дифференциация арқылы бірнеше міндет орындалады деген тұжырым расталды: біріншіден, әрбір оқушының білім деңгейі көтеріледі; екіншіден, барлық оқушыларға қолайлы жағдай жасалады; үшіншіден, оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы нығаяды; төртіншіден әр түрлі қабілеттері мен деңгейлері бар оқушылардың сабаққа қатысуы мен уәждері арта түседі.
ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ГЕТЕРОГЕНДІ ТОПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жарияланған December 2021
168
202
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
дифференциалды, саралап оқыту, көпдеңгейлі, гетерогенді топ, бірнеше интеллект теориясы, эксперимент.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахметова Г., . 2021. ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ГЕТЕРОГЕНДІ ТОПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 196–207. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.23.