Мақалада бастауыш сыныпта оқушылардың белсенді әрекетін проблемалық оқыту арқылы дамыту қарастырылады. Проблемалық оқытудың псхологиялық және педагогикалық ерекшелік-тері сипатталады. Зерттеулерге сүйене келе, проблемалық оқытудың арнайы міндеттері, яғни (логикалық əдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тəсілдерін қолдану); алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) жəне оқу проблема-ларын шешу шеберлігіне тəрбиелеу негізге алынады. Проблемалық оқытудан күтілетін дағдылар оқуға деген ықылас пен қабілет, өзін-өзі тәрбиелеуге дайындық, сөйлеу және логикалық ойлау атритуттарымен нақтыланады. Сондай-ақ, мақалада проблемалық сабақтың мәнін бір сөйлеммен қамтуға болатындығы талданады, мысалы «білімді шығармашылықпен игеру». «Білімді шығармашылықпен игеру» деген тіркес сабақта оқушы ғылыми шығармашылықтың барлық буындарынан өтетіндігін білдіреді: мәселені қою және шешімді іздеу – білімді енгізу кезеңінде; шешімді білдіру және өнімді іске асыру – білімді көбейту (айту) және т.б. Проблемалық оқытуда жетекші диалог пен мотиватордың айырмашылығы талданады.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ – БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ
Жарияланған October 2021
176
30
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
проблемалық білім беру, шығармашылықпен білім беру, педагогикалық ситуациялар, мотивация, жетекші диалог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Садуакас Г.Т., Итенова Н.К., Абдуллина Г., . 2021. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ – БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Жов 2021), 201–207. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5496.20.