Мақалада Қазақстандағы зайырлы білім беру және ағарту жұмыстарының тарихы қарастырылған. Автор, Кеңестік кезеңнен бері қарай білім беру жүйесіне талдау жасаған. Көптеген осы мәселеге қатысты еңбектерге шолу жасап, ой қорытқан. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы зайырлы білім беру, ағарту мәселесін 3 кезеңге бөліп, кесте арқылы мазмұндаған. Және де 1923 жылдан бастап, халыққа білім беруде бюджеттің артқандығын сонымен қатар, мұғалімдердің материалдық жағдайының жетілдірілгендігіне тоқталып өтеді. Бұл өз кезегінде жалпы білім беретін мектептердің жүйесінің біртіндеп дами бастағанын көрсетеді. Авторлар Қазақстандағы зайырлы білім беру мен ағарту жүйесін дамытудың мектеп ғимараттарының жоқтығы, мұғалімдердің, арнайы білімі бар мамандардың жетіспеушілігі және т. б. сияқты кейбір проблемаларын талдауға тырысты. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы зайырлы білім беру және ағарту жұмыстарының тарихын талдау, ой қорыту, ұсыныстар беру.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНІН ДАМУЫ
Жарияланған December 2021
160
176
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алгожаева Н.С., Кыякбаева У.К, . 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ БЕРУ МЕН АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНІН ДАМУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 41–47. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.05.