Мақалада әскери ЖОО курсанттарын педагогикалық даярлау процесі зерделенеді, курсанттарды кәсіби-бағдарлы оқытудың негізгі кезеңдері ашып көрсетіледі, Қазақстандағы жоғары әскери білім беруді жаңғырту жағдайында курсанттарды даярлауды ұйымдастыру шарттары нақтыланады. Қазіргі уақытта әскери жоғары оқу орындарында педагогиканы оқытуда оқу процесін жетілдіру қажеттілігі байқалады. Қазақстанның әріптес елдермен әскери ынтымақтастығының қарқынды дамуы, бірлескен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу, әскери сипаттағы ақпарат алмасу салаларын кеңейту кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы әскери мамандардың қажеттілігіне алып келеді. Әскери білім беру жүйесін жобалау әскери ЖОО оқытушыларын кәсіби педагогикалық қызметке даярлаумен байланысты. Көп жағдайда елдің әскери қауіпсіздігін, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуды қамтамасыз ететін әскери кадрлардың сапасы мен дайындық деңгейі, сондай-ақ ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіби армия құру олардың табысты қызметіне байланысты болады. Әскери мамандарды даярлау педагогикалық және әлеуметтік-мәдени білім алуға, оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, жеке тұлғаға бағытталған оқытуға, сондай-ақ педагогикалық білім құралдарын қолдана отырып, коммуникативті, әскери-кәсіби міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақыл-ой, интеллектуалдық қабілеттерді қалыптастыруға бағытталуы керек.
КӘСІБИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ӘСКЕРИ ЖОО-ДА КУРСАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ
Жарияланған December 2021
179
58
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мальгаждарова Т.Г., . 2021. КӘСІБИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ӘСКЕРИ ЖОО-ДА КУРСАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 161–164. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.19.