Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

«ҮШІНШІ КЕҢІСТІК»: ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІК ОРТА ҚҰПУ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған September 2026

0

0

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет
Аңдатпа

Берілген зерттеуде мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы «үшінші кеңістік» ретінде қарастыралатын коллаборативті оратны құрудың теориялық-әдіснамалық негіздемесі ұсынылады. Бұл орта  мектеп оқушыларының ғылыми-ізденіс қызметін жоғары мектеп өкілдерімен, атап айтқанда тьюторлармен, тәлімгерлермен, кеңесшілермен, рецензенттермен және т.б. бірлескен ғылыми жобаларға тарту арқылы жандандыруға және жетілдіруге бағытталған. Мақалада ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру саласында орта және жоғары мектеп арасындағы өнімді өзара әрекеттестік аспектісінде «үшінші кеңістік» ұғымының мәні, оның қасиеттері, типтері мен форматтары ашылады. Зерттеуде «үшінші кеңістік» ғылыми жобаларды жүзеге асыруда мектеп пен жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін біріктіретін гибридті, икемді, инновациялық және ынталандырушы орта ретінде пайымдалады. Оның негізгі сипаттамалары ретінде ашықтық, бейресмилік, ынтымақтастыққа бағдарлану, бірлескен зерттеулер жүргізу, тәжірибе мен білім алмасу айқындалады. Зерттеу авторлары «үшінші кеңістік» аясындағы бірлескен ғылыми-ізденіс қызметінің қажеттілігін бәсекеге қабілетті, ынтымақтастық дағдыларына, зерттеушілік құзыреттерге, пәндерді оқуға деген мотивацияға ие және болашақ кәсібін таңдауда еркін бағдарлана алатын тұлғаны даярлауға деген сұраныстың артуымен негіздейді. «Үшінші кеңістікті» ұйымдастыру және іске асыру мәселесінің шешімі ретінде зерттеу авторлары цифрлық гуманитаристика саласында ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеуге арналған тиімді алаң ретінде цифрлық платформаны құруды негіздейді. Мақалада құрылған платформаның функциялары, оның коллаборативті құрылымы – оқушылар, олардың ғылыми жетекшілері, тьюторлар, рецензенттер сипатталады. Сонымен қатар үш деңгейлі ғылыми-әдістемелік қолдау арқылы мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын дайындау мен іске асырудағы платформаның тиімділігі негізделеді. Зерттеу нәтижелерін мектептер мен жоғары оқу орындарының әкімшілік өкілдері бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге бағытталған тиімді ынтымақтастық формаларын әзірлеу және енгізу мақсатында пайдалана алады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бегалиева С.Б., Шмакова Е.С., Жүнісбаева Ә.С., Ешенкулова Д.Б., . 2026. «ҮШІНШІ КЕҢІСТІК»: ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ АРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІК ОРТА ҚҰПУ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 31–43. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.003.