Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби сәйкестігін қалып-тастыру тетіктері, соның ішінде білім алушылардың дивергентті, вариативті және креативті-рефлексивті дағдыларын жетілдіру мәселелері зерделенеді. Білім беру үдерісінде кәсіби тәжірибені терең пайымдауға жағдай жасайтын және болашақ мамандардың педагогикалық қызметте көпнұсқалы әрі шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындығын арттыратын мазмұндық-педагогикалық компоненттерді айқындауға баса назар аударылған.
Анықтаушы экспермент Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда «Болашақ» универ-ситетінің 6B01303 - «Бacтaуыш oқытудың пeдaгoгикacы мeн әдіcтeмecі» білім беру бағдарламасы бойынша 112 білім алушылар арасында жүргізілді. Эксперименттік топта TIMS шкалаларына, Student Teacher Professional Identity Scale және кәсіби сәйкестіктің бастапқы деңгейін және рефлексивті дағдылардың айқындылық дәрежесін диагности-калауға арналған 60 сұрақтан тұратын сауалнама қолданылды.
Педагогикалық эксперимент нәтижелері дивергентті, вариативті және креативті-рефлексивті дағдыларды дамыту бастапқы кезеңде кәсіби сәйкестіктің жоғары деңгейімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Алынған деректер білім беру үдерісіне рефлексиялық технологияларды енгізу кәсіби тәжірибені ой елегінен өткізуге және тұрақты кәсіби ұстаным қалыптастыруға ықпал ететінін дәлелдейді.
Кәсіби сәйкестікті деңгейлеп бағалау жүйесі білім алушылардың өздерінің кәсіби рөлін сезіну динамикасын, заманауи педагогикалық құндылықтарды сіңіру дәрежесін, сондай-ақ олардың бойындағы дивергентті, вариативті және креативті-рефлексивті дағдылардың даму деңгейін нақты уақыт режимінде тіркеп, бақылап отыруға мүмкіндік береді.
