Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы дәстүрлі оқыту әдістеріндегі елеулі өзгерістерге негіз бола отырып, білім беру үдерісіне трансформациялау мен жаңғыртуды алып келді. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан жағдай – пандемия – білім беруді цифрлық форматқа тасымалдау мәселесін түбегейлі зерттеуді алдыңғы кезекке шығарып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты заманауи инновациялық тәсіл ретінде мобильді оқытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары білім беруде жаңа технологияларды қолдану саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және оқытудағы мобильді технологиялардың қазіргі жағдайды мен қолдану перспективаларын анықтау. Авторлар мобильді оқытуды сандық педагогиканың перспективалық векторы ретінде алып, оқу процесін ұйымдастыру барысында мобильді оқыту технологияларын пайдаланудың артықшылықтарын сипаттайды және білім беру үдерісіндегі мобильді қосымшаларының мазмұнын ашады. Мақалада мобильді оқыту технологияларының білім берудегі кемшіліктеріне де тоқталған. Сондай-ақ, мобильді оқытудың тарихына шолу жасап, терминге түсінік беріліп, мобильді технологияларды білім беруде қолдану мәселелері мен оның зерттелу барысы баяндалған. Мобильді қосымшаларға талдау жасай отырып, оқытуда қолданылатын бірнеше қосымшалар ұсынылған. Жұмыс барысында жоғары білім беруде мобильді оқытуды қолдану кезіндегі мүмкін болатын киыншылықтарды жеңу үшін шешуші факторды зерттеу және талдау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесі талданды.
БІЛІМ БЕРУДЕ МОБИЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Жарияланған December 2021
189
261
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мобильді оқыту
интерактивті оқыту ортасы
мобильді қосымшалар
педагогикалық зерттеулер
жоғары білім
оқыту әдісі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мусагулова, Г. 2021. БІЛІМ БЕРУДЕ МОБИЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ МЕН БОЛАШАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 25–32. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.03.