Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Жарияланған September 2026

0

0

Алматы технологиялық университет
Аңдатпа

Мақалада цифрлық білім беру технологияларын қолдану негізінде қазақ тілі экспрессивтік стилистикасын интеграциялық оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық білім беру технологиялары жағдайында қазақ тілі экспрессивтік стилистикасын пәнаралық консолидациялау нәтижелерін синергетикалық модельдеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстыру, жүйелеу, модельдеу, индукция, дедукция және синергетикалық тәсіл қолданылды. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасын оқытудың интеграциялық парадигмалары жүйеленіп, тілдік құбылыстардың цифрлық білім беру ортасындағы өзара байланысы талданды. Интерактивті оқыту әдістері, мультимедиялық ресурстар, цифрлық платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы білім алушылардың тілдік, коммуникативтік және цифрлық құзыреттерін дамыту жолдары айқындалды. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасын цифрлық білім беру технологиялары негізінде интеграциялық оқытудың синергетикалық моделі әзірленіп, оның құрылымдық компоненттері, педагогикалық шарттары және ғылыми-әдістемелік негіздері ұсынылды. Ұсынылған модель білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, пәнаралық байланысты күшейтуге, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға және қазақ тілін оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Коянбекова С.Б., Оспанова Б.Р., . 2026. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 80–90. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.007.