Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК БІЛІМ АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КӨЗҚАРАСТАРҒА ШОЛУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Авторлар мақалада жаһандану, жасанды интеллект және цифрландыру дәуіріндегі студенттердің өзіндік білім алу мәселесінің теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін жан-жақты қарастырады. «Өзіндік білім алу» ұғымының мәні мен мазмұнына ғылыми-педагогикалық , андрагогикалық  және  психологиялық тұрғыдан  терең талдау жасалып, оның қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі орны мен стратегиялық  маңызы айқындалады. Зерттеу барысында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың когнитивті - мотивациялық  аспектілері,  атап айтқанда , өзіндік білім алу құрылымы білім, іскерлік, дағдылар және  метакогнитивті  қабілеттердің  өзара байланысынан тұратыны жан – жақты негізделеді. Заманауи ақпараттық – коммуникациялық ресурстарды дұрыс таңдау мен тиімді қолдану арқылы  тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру, академиялық дербестік пен кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру  жолдары сипатталады.

Мақалада өзіндік білім алу- бұл студенттің тұлғалық және кәсіби қалыптасуының негізгі факторы ретінде анықталады, тек ақпарат жинақтау емес, интеллектуалдық автономияны  дамыту үдерісі екендігі дәлелденеді.

Қазіргі білім беру жүйесінде студенттің өзіндік жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін тек  дәстүрлі аудиториялық сағаттар жеткіліксіз.  Осыған байланысты , заманауи цифрлық экожүйелер мен  білім алушының ішкі мотивациялық жүйені біріктіретін жаңа әдістемелік модельдер әзірлеуге және өндіріске енгізу  қажеттілігі туындайды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ермекбаева М.А., Абсатова М.А., Нарбекова Б.М., . 2026. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК БІЛІМ АЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КӨЗҚАРАСТАРҒА ШОЛУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 44–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.004.