Мақалада қазіргі білім беру кеңістігінде ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға бағытталған 4С тәсілін қолданудың маңыздылығы қарастырылып, болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің білімдік компонентін диагностикалау нәтижелері талданады. Зерттеудің мақсаты – болашақ биология мұғалімдерінің сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық және креативтілік дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелерді олардың кәсіби даярлық көрсеткіштерімен өзара байланыста бағалау. Зерттеудің өзектілігі білім беру жүйесіндегі өзгерістер жағдайында кәсіби міндеттерді тиімді орындай алатын, ақпаратты талдап, негізделген шешім қабылдайтын, топпен нәтижелі әрекеттесетін және жаңа педагогикалық идеяларды ұсына алатын мұғалімдерді даярлау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу барысында 4С компоненттері болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштер ретінде қарастырылды. Диагностикалық зерттеу нәтижелері студенттерде аталған дағдылардың біркелкі қалыптаспағанын және олардың даму деңгейлерінде белгілі бір айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Алынған деректер болашақ биология мұғалімдерін кәсіби даярлау барысында 4С дағдыларын мақсатты түрде дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін негіздейді. Зерттеу нәтижелері 4С тәсілін оқу үдерісінің мазмұны мен практикалық тапсырмаларына жүйелі енгізу студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және оларды қазіргі педагогикалық қызмет талаптарына бейімдеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді.
ОҚЫТУДА 4С ӘДІСІН ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІМДІК КОМПОНЕНТІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Амитова Ж.Т., Избасарова Р.Ш., Балгимбеков Ш.А. , . 2026. ОҚЫТУДА 4С ӘДІСІН ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІМДІК КОМПОНЕНТІН ДИАГНОСТИКАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 142–153. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.013.
