Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Ағылшын тілін оқытуда студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Жарияланған December 2021

294

93

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада ағылшын тілін оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары мен оның маңыздылығы жайлы айтылған. Қазіргі таңда жаһандық әлемге кірігу үшін бізге білікті, оқыту саласында жаңа технологиялармен жұмыс істей білетін, өзіндік ойы бар, шығармашыл мамандар даярлау басты міндетіміз болып отыр. Бұл міндетті шешу үшін түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану керек, соның ішінде студенттің өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру осы мәселенің бірден-бір шешімі болып саналады. Себебі бұл арқылы болашақ маманның шығармашылық дербестігі жетіледі, жеке дара немесе топпен мәселенің шешімін табу арқылы сыни ойлау, командада жұмыс істеу, ізденушілік, жауапкершілікпен нәтижелі орындау сынды қасиеттерге ие болады. Ағылшын тілін оқытуда мотивациялық, танымдық және шығармашылық компоненттер таңдап алынды. Өйткені студенттің өзіндік жұмысында тапсырманы орындауға деген қызығушылығы, базалық білімі мен тәжірибесі, сонымен қатар жоғары нәтиже көрсетуде шығармашылықтың да алар орны ерекше.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Досаева А.С., Тлеубай С.Т., . 2021. Ағылшын тілін оқытуда студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 75–82. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.09.