Цифрлық білім беру ортасы жағдайында болашақ информатика мұғалімдерінің икемді дағдыларын дамыту педагогикалық білім беруді жаңғыртудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ информатика мұғалімдерінің икемді дағдыларын қалыптастырудың теориялық моделін негіздеу, әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу жүйелік, құзыреттілік және тұлғалық-бағдарланған тәсілдерге негізделді. Ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, педагогикалық эксперимент, сауалнама жүргізу және статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде цифрлық білім беру ортасында бірлескен және интерактивті оқу қызметін ұйымдастыруды, білім беру үдерісіне генеративті жасанды интеллект құралдарын кіріктіруді және eduScrum әдіснамасы мен жобалық оқытуды пайдалануды қамтитын икемді дағдыларды қалыптастырудың теориялық моделі әзірленді. Эксперимент нәтижелері ұсынылған модельдің тиімділігін дәлелдеп, эксперименттік топ студенттерінің икемді дағдыларының деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан мәнді жоғарылағанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
икемді дағдылар
soft skills
кәсіби құзыреттілік
педагог
цифрлық трансформация
XXI ғасыр дағдылары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурбекова А.Ж., Камалова Г.Б., Сәлғожа И.Т., Битибаева Ж.М., . 2026. ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 119–131. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.011.
