Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМГЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған December 2021

163

579

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет
Аңдатпа

Мақалада жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізуде оқушылардың ата-аналарының ерекше орны мен рөлі, олардың педагогикалық инновация ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инлюзивті  білім беруге қатынастары мәселесі қарастырылған. Қазіргі таңда отандық жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамытуға қажетті жағдайлар жасалғанымен, жаппай педагогикалық тәжірибеде оның әлі де әлсіз дамып отырғандығы атап көрсетілген. Мұның себептерінің бірі – ата-аналардың инклюзивті білім беруге деген көзқарастары мен қатынастары екендігі эмпирикалық деректер арқылы негізделген. Ата-аналардың белгілі бөлігінің инклюзивті білімге деген теріс немесе немқұрайлық қатынастары мектеп ұжымы мен педагогтардың инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізудегі ұмтылыстарының нәтижелі болуына кедергі болып отырғандығы атап көрсетілген. Инклюзивті білім беру мен отбасының мектеппен ынтымақтастық мәселесіне қатысты шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалған. Инклюзивті білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мектеп ата-аналарының  инклюзивті білімге көзқарасы мен қатынасы анықталып, талданған. Зерттеу нәтижелерін талдау барысында қазіргі таңдағы отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне ықпал етуші факторлар анықталды. Инклюзивті білім беруге ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыру және инклюзивті білімді шынайы қолдауына қол жеткізудің педагогикалық шарттары айқындалда. Инклюзивті білім берудің мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ғана емес, ойдағыдай қалыпты дамудағы оқушыларға, олар арқылы ата-аналарға берер пайдасы айқындалған. Ата-аналардың инклюзивті білімге деген оң қатынастарын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары кешенді айқындалған және  сипатталған.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ахметова Э.К., . 2021. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМГЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ТИІМДІ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 262–270. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.30.