Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ

Жарияланған September 2026

0

0

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университет
Аңдатпа

Қазіргі қоғамда еңбек нарығы мен мамандықтардың үздіксіз жаңарып, жедел дамуы және кәсіптер әлеміндегі өзгерістер болашақ педагогтердің оқушыларды кәсіби бағдарлауға даярлау жүйесін жетілдіруді талап етеді. Жалпы алғанда, оқушыларға кәсіби бағдар беру әлеуметтік жүйе ретінде мемлекеттің кадрлік саясатынының бөлінбейтін элементі және еңбек ресурстарын басқару тетігінің құрамдас бөлігі. Ол экономиканың сұранысын, халықтың демо-графиялық және ұлттық ерекшеліктерін ескеруге, еңбекпен қамту құрылымын қалыптастыруға, тұлғалық және қоғамдық қызығушылықты үйлестіруге, олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға, еңбекпен қанағаттандыруды арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамда кәсіби бағдар беру жүйесі қоғам және жеке кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік-экономикалық дамудың табыстылығына қол жеткізудің мақсатын анық-тайтын маңызды факторлардың біріне саналады. Сондықтан, заманауи қоғамда кәсіби бағдар беру оқушылардың болашақ мамандығына тұлғалық қатынасын, оның мәні туралы түсініктерін, ары қарай кәсіби өзін-өзі жетілдіруіне қажетті еңбек дағдыларын қалыптастыруды жаңаша ойлауды және оны практикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нурова К.С., Джанисенова А.М., Галымжан А.А. , . 2026. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 223–234. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.020.