Мақалада қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйым басшыларынан күтілетін басшылық құзыреттіліктердің негізгі компоненті көшбасшылық дағдылары екендігіне тоқталып, осыған байланысты ғылыми әдебиеттерді зерттеу арқылы көшбасшылық және көшбасшылық құзыреттілік теорияларының тарихи эволюциясына талдау жасай отырып, басшының кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен басқарушылық дағдыларының өзара байланысын негіздейді.
Авторлар ғылыми-педагогикалық, психологиялық және арнайы әдебиеттерді зерделей отырып, «көшбасшылық құзыреттілік» ұғымының мәнін мектепке дейінгі ұйымдармен байланыстыра түсіндіріп, басшы-көшбасшыны барлық өзгерістердің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде сипаттайды. Ол инновацияларды тудыруға және қабылдауға қабілетті, белсенділік пен шығармашылық танытуға дайын тұлға болып табылады.
Зерттеу нәтижесінде көшбасшылық құзыреттіліктің тұлғалық, кәсіби және ұйымдық деңгейлерді біріктіретін үш сатылы иерархиялық моделі ұсынылған. Мақалада бұл модельдің алты негізгі компоненті егжей-тегжейлі сипатталған. Зерттеу мақсатына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының көшбасшылық құзыреттілігінің мазмұнын анықтауға арналған түрлі көзқарастар мен ұстанымдар сараланды.
