Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГТАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған March 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада автор орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің қазіргі заманның басым бағыттарының бірі – цифрлық технологиялардың дамуы, ол оқыту мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Цифрландыру  әлемдік экономикалық дамудың негізгі трендіне айналып, білім беру саласында жетекші орын алуда.

Автор электрондық білім беру ортасын басқарудың ақпараттық және коммуникациялық әдістеріне сипаттама беруге талпыныс жасаған. Әдебиеттерді талдау нәтижесінде ғалымдар цифрлық білім беру ортасының құрылымына үш компонентті енгізетіні анықталды: жағдайлар (платформа және оқыту ақпаратын ұсыну формасы), мазмұн (ақпараттың өзі), нәтиже (тиісті құзыреттердің қалыптасу деңгейі).

Зерттеушілер инклюзивті білім беруді дамытуда цифрлық технологияларды қолдану «е-инклюзия (e-inclusion)» ұғымымен белгіленетінін атап өтеді, яғни цифрлық технологиялар – бұл цифрлық құрылғылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы. Инклюзивті білім беру міндеттерін шешуге байланысты цифрлық құрылғылардың мынадай санаттары бөлінеді: жаттықтыру мен қайталауға арналған цифрлық құрылғылар; оқытуда көмек көрсетуге арналған (assist) цифрлық құрылғылар; оқытудың мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған (enable) цифрлық құрылғылар (К. Эббот).

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шадырова А.Б., Дошыбеков А.Б. , . 2026. ПЕДАГОГТАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 196–204. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.019 .