Мақалада бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылған. Ол үшін зерттеу мәселесінің өзектілігі нормативтік құжаттарға сүйене отырып айқындалып, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге шолу жасалып, әлеуметтік дағдыны дамыту мәселесінің қарастырылу жайы талданған. Соның негізінде «әлеуметтік дағды» ұғымына контент талдау ұсынылған. Жалпы әлеуметтік дағдыны құраушы дағдылар тобының әрқайсысына қысқаша мәлімет ұсынылып, бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың маңыздылығы нақтыланған. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамытудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, қалыптасу деңгейлері белгіленген. Эксперименттік жұмыс кезеңдері жүйелілікпен баяндалған. Анықтаушы эксперименттік кезеңде бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларының қалыптасу деңгейлері диагностикалық әдістемелер арқылы анықталып, оның жақсартуды қажет ететіндей деңгейде болуына орай қалыптастырушы эксперименттік кезең жоспары құрылған және оның жүру барысы түсіндірілген. Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірленген. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту мәселесі практикалық мәнділікке ие болуы себепті құнды зерттеу тақырыбы деп білеміз.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған March 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Джанбырбаева Н.И., . 2026. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 406–418. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.038.
