Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Жарияланған March 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Қазіргі білім беру кеңістігінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің көптілділік құзыреттілігін арттыру стратегиялық маңызға ие өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы шет тілін меңгеру үдерісін дербестендіруге, оқу мазмұнын бейімдеуге және студенттердің оқу мотивациясын арттыруға кең мүмкіндіктер ұсынуда. Алайда жоғары оқу орындарында ЖИ құралдарын ағылшын тілін оқытуда қолданудың эмпирикалық тиімділігі әлі де жан-жақты зерттеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты — бастауыш білім беру мамандығы студенттеріне ағылшын тілін оқыту барысында ЖИ құралдарын қолданудың тиімділігін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отырып, эксперименттік зерттеу арқылы дәлелдеу. Эксперименттік топта ЖИ технологияларын жүйелі қолдану студенттердің кәсіби педагогикалық терминологияны меңгеру деңгейін, академиялық жазу дағдыларын және тілдік кедергілерді жою жылдамдығын айтарлықтай арттыратыны анықталды. Зерттеу нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде ЖИ технологияларын көптілді білім беру бағдарламаларына тиімді интеграциялау бойынша ғылыми-әдістемелік және практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мамбеталиева А.К., Polo-Rodríguez Aurora . 2026. ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 81–92. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.008.