Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕ DIGITAL STORYTELLING ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Цифрлық білім берудің қарқынды дамуы білім беру саласына ауқымды өзгерістер енгізуде. Білім берудегі цифрлық өзгерістер  білім беру мен оқыту инновациялық технологияларды тиімді қолдануға жол ашады. Осыған байланысты бұрыннан келе жатқан дәстүрлі педагогикалық  тәсілдерді мультимедиялық құралдармен біріктіруге мүмкіндік беретін әдістерге қызығушылық артуда. Солардың бірі отандық білім беру үдерісінде қолданысқа енді еніп келе жатқан Digital storytelling технологиясы. Цифрлық әңгімелерді жасауда сурет, бейнематериал, анимация және басқа да мультимедиялық элементтерді қолдану – бұл әдістің негізгі ерекшелігі деуге болады. Мақаланың мақсаты: бастауыш білім беруде Digital Storytelling технологиясын қолдануға арналған эмпирикалық зерттеулерге жүйелі шолу жүргізу,  әлемдік және отандық зерттеулерді салыстырмалы талдау негізінде Қазақстандағы бастауыш білім беру сатысында Digital Storytelling технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Зерттеуде 2015-2025 жылдар аралығында жарияланған бастауыш білім беруде Digital storytelling әдісін қарастырған 35 эмпирикалық зерттеулерге жүйелі шолу жасалынды. Ғылыми еңбектер халықаралық Scopus, ERIC (Education Resources Information Center)  және Google Scholar  дерекқорларынан алынды. 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Арыстангалиева В.Т., Стамбекова А.С., Байгалиева Ж.Г., . 2026. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕ DIGITAL STORYTELLING ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 412–421. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.037.