Арт-зерттеу әлемді танудың, шындықты түсіндірудің және өнер объективі арқылы білімді қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Сондықтан, арт-зерттеу болашақ педагогтердің кәсіби дайындық жағдайын жақсарту үшін әр түрлі өнер түрлерін жүйелі қолдануда көркем білім беру пәндерін интеграциялаудың мәнін ашатын білім беру құбылысы ретінде қарастырылады. Арт-зерттеудің ерекше эстетикалық сала ретінде өнердің маңыздылығын, өнер туындыларын көркемдік қабылдау үдерісін ұйымдастыруға, интерпретациялау және эстетикалық бағалауға, зерттеу іс-әрекетінде өнердің эволюциясы мен даму логикасын, стильдерін, өз шығармалары үшін стиль мен мәнерлеу құралдарын таңдау туралы білімдерін, практикада көркем шығармашылықты ұйымдастыру үдерісінде өнер туралы алған білімдерін түсінуге және қолдануға мүмкіндік туғызатынын ескеру қажет. Интеграция қазіргі білім берудің негізі болып табылады. Көркемдік білім беру пәндерін арт-зерттеулерге интеграциялаудың мәні өнерді және оның қоғамдағы рөлін неғұрлым терең түсіну үшін әртүрлі пәндер мен тәсілдерді біріктірумен сипатталады. Сондықтан, көркемдік білім беру пәндерін арт-зерттеуге интеграциялау болашақ көркем білім беру мұғалімдерінде тұтас, шығармашылық және сыни ойлауды, сондай-ақ өнерге және жалпы әлемге саналы көзқарасын қалыптас-тыруға бағытталған.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУДА КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ МӘНІ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
арт-зерттеу
интеграция
көркем білім беру
шығармашылық технология
арт-педагогикалық тәсіл
арт-педагогика
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Карабалин У.Т., Альжанов Г.М. , . 2026. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУДА КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ МӘНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 269–280. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.024.
