Мақалада трансдисциплинарлық - жоғары білім беру жүйесінде арт-білім беруді дамытудың өзекті бағыты ретінде қарастырылады. Үшiншi мыңжылдықтың қарқынды технологиялық және әлеуметтiк-мәдени өзгерiстерi жағдайында өнер мен бiлiм беру жағдайының бейiмделуi ғана емес, сонымен бiрге оның мақсатын айқындап көздеу және әдiснамалық бағдарларын қайта қарастыра отырып бағалауды талап ететiн бiрқатар жаңа мәселелерге тап болуда. Заманауи әлем өзінің тұрақсыздығымен, ақпараттың тым көп болу жағдайымен, жаһандану тұсында академиялық және көркем білім беру құрылымында дәстүрлі түрде жүргізетін әдістерді пәндер арасында қайта қарастыруды талап етеді. Осы тұста, трансдисциплинарлық тәсілдің маңыздылығы қолданыстағы мәселерді шешумен қатар оның формаларын қайта қарастыра отырып құруға қабілетті әдіс ретінде қарастырылады. Трансдисциплинарлық тәсілдер түрлі салалардағы білімді біріктіруге ғана емес, сонымен қатар ойлау және өзара іс-әрекеттің жаңа да өзекті нысандарын қалыптастыруға ықпал етеді, осылайша артбілім беруде өзгеше тәсілмен білім беру және мәдени парадигманы жандандандыру сәселесінде тек білім ғана емес, сыни қайта ойлау және зерттеудің әртүрлі салаларында бірлесіп әрекет ету қабілетін талап етеді және қарастырылады.
ТРАНСДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ – ЗАМАНАУИ АРТБІЛІМІНІҢ ДАМЫТУ ВЕКТОРЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
трансдисциплинарлық
артбілім
мәдени жады
ұлттық құндылықтар
заманауи контент
музыкалық білім
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Балагазова С.Т., Какимова Л.Ш., Кулданов Н.Т., Ибраева К.Е. , . 2026. ТРАНСДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ – ЗАМАНАУИ АРТБІЛІМІНІҢ ДАМЫТУ ВЕКТОРЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 18–30. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.002.
