Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланған June 2026

2

1

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет
Аңдатпа

Отандық білім беру саясатының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін тұрақты инновациялық даму жолына көшіру және әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары нәтижелерге жетуге бағыттаумен сипатталады. Қазіргі кезеңде білім берудің рөлі демократиялық және құқықтық мемлекеттің міндеттері мен стратегиясымен анықталады. Білім беру саясаты жалпыұлттық білім беру мүдделерін көрсетуі, әлемдегі білім беру үрдістерінің жалпы тенденцияларын ескеруі тиіс. Қазіргі полимәдени қоғам сонымен қатар кәсіби білім беру саласындағы мамандардың дайындық деңгейіне және болашақ мұғалімнің білімді меңгеруге қабілеттілігіне жоғары талаптар қояды.

Мақалада педагогикалық практиканың болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлаудағы рөлі талданған. Педагогикалық практика жүйелік, қызметтік және тұлғалық тәсілдерге негізделіп, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізгі құралы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, ол жалпы педагогикалық дайындықтың маңызды компоненті және жоғары педагогикалық мектептегі кәсіби оқытудың тиімді формасы болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жарықбаева Д.Р., Ыбышова С.Т., Умбеталиева А.Д., Измагамбетова Р.К. , . 2026. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 188–199. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.018.