Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ОРТАНЫҢ БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

Жарияланған September 2026

0

0

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орнындағы тәрбиелік ортаның болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ету ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеу жұмысының мақсаты – ЖОО-ның тәрбиелік ортасының тиімділігін студенттердің көзқарасы тұрғысынан анықтау және оның кәсіби даму процесіндегі рөлін айқындау. Эмпирикалық зерттеу барысында 100 студент қатысқан сауалнама жүргізіліп, Л.И.Шумскаяның «ЖОО-дағы тәрбиелік процесті диагностикалау» әдістемесі негізге алынды. Талдау нәтижелері студенттердің 60 %-ы ЖОО-ның тәрбиелік кеңістігін оң қабылдайтынын, ал 17 %-ы сын көзқарас білдіретінін көрсетті. Бұл деректер тәрбиелік ортаның болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби өзін-өзі анықтауына, азаматтық жауапкершілігі мен құндылықтық бағдарларының қалыптасуына айтарлықтай әсер ететінін дәлелдейді. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері студенттердің тұлғалық әлеуетін толық іске асыруда тәлімгерлік пен эмоционалды қолдаудың рөлі жоғары екенін көрсетті. Автор ЖОО-да педагогикалық өзара әрекеттестік мәдениетін дамытудың маңыздылығын атап өтеді. Мақалада тәрбиелік процесті жетілдіру бағытында көшбасшылық қабілеттерді дамыту, студенттік белсенділікті арттыру және психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарында тәрбиелік ортаны жетілдірудің теориялық және практикалық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Shangereyeva S., Аlbytova N. . 2026. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК ОРТАНЫҢ БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 201–210. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.018.