Бұл мақалада болашақ педагог-психологтердің кәсіби цифрлық құзыреттілігін дамытуда қолданылатын заманауи цифрлық технологиялардың рөлі мен тиімділігі жан-жақты талданады. Зерттеу Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 1–2 курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеу барысында DigCompEdu моделі негізінде әзірленген 15 тармақтан тұратын сауалнама қолданылды. Сауалнама болашақ мамандардың цифрлық технологияларды кәсіби мақсатта қолдану жиілігін, онлайн ынтымақтастық құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесін, интерактивті платформалар мен жасанды интеллект жүйелерін пайдалану қабілетін анықтауға бағытталды. Нәтижелер студенттердің басым бөлігі Google Workspace, Padlet, Kahoot, Mentimeter, ChatGPT және Canva сияқты құралдарды белсенді қолданатынын көрсетті. Бұл платформалар оқу процесін жандандырып, болашақ педагог-психологтердің мотивациясын, шығармашылық ойлауын және коммуникациялық дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, студенттердің 78%-ы цифрлық технологиялар олардың кәсіби мотивациясын арттырғанын, ал 72%-ы коммуникация сапасын жақсартқанын атап өтті. Алынған деректер цифрлық құзыреттіліктің тек техникалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар этикалық жауапкершілік пен деректер қауіпсіздігін қамтитынын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагог-психологтердің кәсіби даярлығында цифрлық технологияларды мақсатты және саналы түрде қолдану олардың инновациялық ойлауын, рефлексиялық қабілетін және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні анықталды.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған June 2026
1
2
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
цифрлық құзыреттілік
педагог-психолог
заманауи технологиялар
кәсіби даму
мотивация
жасанды интеллект.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Дарменова А.Е., Турарбеков Д.М., Жұмагул Д.Ә., Нургали А.К., . 2026. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 240–247. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.023.
