Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҮРДІСТЕР

Жарияланған June 2026

4

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Қазақстандағы білім беру жүйесі жасанды интеллектті (ЖИ) интеграциялау негізінде цифрлық трансформацияны бастан өткеруде. Бұл үдеріс ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытуда да айқын көрінеді. Жаһандану, урбанизация және цифрлық коммуникация үдерістері нәтижесінде шетел тілін оқыту процессінде жасанды интеллект платформа-ларының ықпалы күшейіп, жаңа  құрылымдар қалыптасып отыр.

Бұл зерттеу жұмысы Қазақстандағы ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған білім беру платформа-ларында жасанды интеллект негізіндегі технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен шектеулерін зерделеуге бағытталған. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - жоғары оқу орындарында ағылшын тілі сабағында жасанды интеллектті қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері мен қиындықтарын анықтау.

Бұл зерттеу жұмысының тақырыбы қазіргі кезде білім беруді виртуалды форматқа бейімдеу қажеттілігіне байланысты өзекті болып отыр. Зерттеу әдісі ретінде әдебиеттерге шолу мен мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне негізделген сипаттамалық және сапалық тәсілдер қолданылды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері оқытуды  жекелендірудің, бағалауды автоматтандырудың, студенттердің мотивациясын арттыру және мұғалімдерді даярлаудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл зерттеу Қазақстандағы ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект интеграциясының теориялық және практикалық түсінігін жақсартуға ықпал етеді. Оның практикалық маңыздылығы - мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын және цифрлық оқыту орталарын жобалауға көмектесу болып табылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Utemgaliyeva N., Mukhametrakhimova A., Bhaskar Upadhyay, . 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҮРДІСТЕР . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 64–73. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.007.