Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

Жарияланған March 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақала алаш қайраткері Ғұмар Қараштың 1919 жылы жарық көрген «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдарды зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты – Ғұмар Қараштың «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру контекстіндегі интерпретациясын анықтау. Ізденіс материалы – «Педагогика» еңбегінің түпнұсқасы мен қазіргі білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары. Тақырыптың өзектілігі – «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру контекстіндегі өзектілігі мен маңызы толықтай қарастырылмағанында жатыр. Ізденіс мәліметтерін жүйелеу, жіктеу үдерісінде «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру жүйесінде интерпретациялау үшін салыстырмалы талдау жүргізу, әдістемелік интерпретация, жинақтау, жүйелеу, бағалау, пікірлерді қорыту әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеудің маңыздылығы – «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру жүйесіндегі өзектілігіне көз жеткізу арқылы, XX ғасыр басындағы ұлттық оқыту тәжірбиесінің маңыздылығын анықтау. Ізденіс нәтижесінде «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдар қазіргі оқытудағы дидактикалық ұстанымдармен салыстырылды, жаңартылған білім беру мазмұнындағы интербелсенді оқыту жүйесімен ортақ екендігі дәлелденді, олардың ара қатысы, айырмашылықтары көрсетілді.

 Эмпирикалық талдаулар нәтижесін ЖОО-да оқытылатын 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бағдарламасының «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні мен  «Алаштану  және ұлттық білім беру саясаты», сонымен қатар, Ғұмартану саласының әдіснамалық негізі етуге болады.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Биляль Е.Н., Султан Е. , . 2026. ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 57–71. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.006.