Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ

Жарияланған March 2026

0

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университет
Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін киберқауіпсіздікке оқытуда геймификация әдісінің тиімділігі қарастырылады. Зерттеу квазиисперименттік дизайн негізінде жүргізілді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2 және 3 курс студенттері қатысты. Үш аптаға созылған интервенция барысында эксперименттік топқа геймификация элементтерімен (ұпай, бейдж, миссиялар) толықтырылған киберқауіпсіздік сабағы өткізілді, ал бақылау тобы дәстүрлі әдіспен оқытылды. Сабақтарда Kahoot, Wordwall, Genially және Google Forms сияқты цифрлық құралдар қолданылды. Оқу нәтижелері Pre-test және Post-test арқылы бағаланды, ал деректер SPSS Statistics 29 бағдарламасында өңделді. Нәтижелерге сәйкес, эксперименттік топта білім деңгейі айтарлықтай артқаны байқалды (Pre: M = 38.38, Post: M = 66.14, p < 0.001), ал бақылау тобының өсімі шектеулі болды. Сондай-ақ, студенттердің геймификацияға қатысты қабылдауы орташа деңгейде екені анықталды. Талдау сипаттамалық статистика және t-тест арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бұрынғы еңбектермен салыстырылып, геймификация әдісінің мотивацияны арттырып, күрделі мазмұнды игеруде тиімді құрал екені дәлелденді. Бұл жұмыс болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен киберқауіпсіздікке дайындығын жетілдіруде геймификацияны тиімді әдіс ретінде ұсынуға негіз болады. Болашақта ұзақ мерзімді интервенциялар мен басқа пәндерге бейімделу арқылы зерттеуді кеңейту ұсынылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Amzeyeva A., Kazbay P., Kudaibergenova K., . 2026. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ГЕЙМИФИКАЦИЯНЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 144–154. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.014.