Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ

Жарияланған June 2026

1

1

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарына жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесі және студенттердің оқу мотивациясына ықпалы қарастырылады. Цифрлық жаңғыру академиялық кеңістіктің мазмұнын өзгеше пайымдауға, дәстүрлі оқыту тәсілдерін заманауи интеллектуалды жүйелермен ұштастыруға жол ашып отыр. Аталмыш бағытта жасанды интеллект білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеретін, тапсырманы бейімдейтін, жедел кері байланыс беретін әрі пәнге қызығушылықты күшейтетін пәрменді құрал ретінде айрықша маңызға ие.

Зерттеудің мақсаты – студенттердің оқу мотивациясын қалыптастырудағы жасанды интеллекттің педагогикалық әлеуетін ашу және оны жоғары мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін бағалау. Осынау мақсатта отандық және шетелдік ғылыми еңбектер сараланып, интеллектуалды жүйелердің академиялық ортадағы қызметі, қолданылу аясы, студент белсенділігіне әсер ететін тетіктері талданып қарастырылды. Ғылыми деректерді зерделеу студентті дайын мәліметті қабылдаушы деңгейінде қалдырмай, дербес ізденіске жетелейтінін, нәтижені саналы бағалауға және пән мазмұнымен терең байланыс орнатуға әсер ететінін дәлелдеді.

Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект мүмкіндіктерін жоғары білім кеңістігінде ұтымды әрі жауапты қолдану қажеттігін айқындайды. Жұмыста ұсынылған түйінді тұжырымдар педагогикалық мәнін нақтылауға, оқу тәжірибе-сіндегі орнын байыпты бағалауға және кейінгі ғылыми ізденістерге бағыт беруге негіз қалайды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Баймахан С.Н., Албытова Н.П., Баймаханова Г.К., . 2026. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 83–93. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.009.