Бұл мақалада электронды ресурстарды пайдалану арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру педагогтің кәсіби даярлығының ажырамас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында электронды ресурстарды (онлайн платформалар, мультимедиялық құралдар, цифрлық білім беру контенті, интерактивті тапсырмалар) тиімді қолданудың мүмкіндіктері талданды. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудың кезеңдері, әдіс-тәсілдері мен практикалық жолдары ұсынылады.
Әдістемелік тұрғыда болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру, білім беру үдерісін цифрландыру, оқыту сапасын арттыру бағыттары негізделген. Ұсынылған әдістеме педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу процесінде қолдануға қолайлы және білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері электронды ресурстарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру арқылы білім алушылардың білім сапасын көтеруге, заманауи педагогтің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететінін көрсетті.
