Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА WEB 2.0 ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

 Бейорганикалық химияны оқытуда Web 2.0 құралдарын қолдану қазіргі білім беру жүйесіндегі заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың бір жолы болып табылады. Бұл мақалада аталған құралдарды оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығы мен артықшылықтары қарастырылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жедел дамуы білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқыту сапасын жақсартуға және пәнге деген қызығушылығын күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Web 2.0 құралдары арқылы оқушылардың өздігінен білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және танымдық белсенділігінің артуына жол ашылады. Мақаланың мақсаты – бейорганикалық химияны оқытуда Web 2.0 құралдарын қолданудың тиімді жолдарын анықтап, олардың оқу сапасына тигізетін оң әсерін дәлелдеу. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, бақылау, сауалнама және тәжірибелік сабақтар әдістері қолданылды. Нәтижесінде Web 2.0 құралдарын қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын жоғарылататыны анықталды. Сонымен қатар, мұндай әдістер оқушылардың ойлау, талдау, топпен жұмыс жасау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал ететіні байқалды. Мысалы, Padlet, Kahoot, Google Forms, Quizlet, Wordwall сияқты сервистерді пайдалану арқылы сабақ мазмұнын түрлендіріп, оны интерактивті әрі қызықты етіп өткізуге болады. Қорытындылай келе, бейорганикалық химияны оқытуда Web 2.0 құралдарын қолдану – заманауи білім берудің тиімді тетігі. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, оқытудың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Отеш З.Н., Корганбаева Ж.К., Мамырханова С.А., . 2026. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА WEB 2.0 ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 164–175. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.015.