Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМҒА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ТАЛДАУ

Жарияланған September 2025

2

12

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделуінің педагоги-калық қиындықтары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі балабақшаларда осы санаттағы балалардың санының артуы және инклюзивті практиканың қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдардың оларды қанағаттандыруға дайындығы арасындағы қайшылықтармен анықталады. Зерттеудің мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мектепке дейінгі ұйымдар жағдайларына бейімделуінің педагогикалық қиындықтарын анықтау және талдау арқылы осы процесті оңтайландыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Эмпирикалық зерттеу Жамбыл облысы Тараз қаласының үш мектепке дейінгі ұйымы базасында 6 тәрбиеші және мақсатты топтың 15 баланың ата-анасын тарта отырып сапалық әдіснаманы қолдана отырып жүргізілді. Деректерді жинау жартылай құрылымдалған сұхбат алу әдісімен жүзеге асырылып, алынған материалды кейіннен талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері балалардың эмоционалды, мінез-құлықтық, әлеуметтік және режимдік деңгейлерінде көрінетін бейімделу қиындықтарының көпқырлы сипатын көрсетеді. Педагогтердің арнайы құзыреттіліктерінің жеткіліксіздігі, қолайсыз ұйымдастырушылық жағдайлар және әдістемелік сүйемелдеудің тапшылығы анықталды. Бейімделу құбылыстарын қабылдау мен түсіндірудегі айырмашылықтармен шартталған тәрбие-білім беру процесі қатысушылары арасында коммуникативтік кедергілердің болуы анықталды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы мектепке дейінгі ұйымдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бейімделу процесінің ерекшелігі туралы теориялық түсініктерді кеңейтуде жатыр. Зерттеудің практикалық құндылығы алынған нәтижелерді инклю-зивті білім беру практикасын оңтайландыру, педагогтердің кәсіби дайындығы жүйесін жетілдіру және мектепке дейінгі ұйымдар мен тәрбиеленушілердің отбасылары арасында тиімді өзара іс-қимыл механизмдерін дамыту үшін пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Керимбаева Р.К., Сыздыкбаева А.Д., Иминова Ю.Б., . 2025. ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМҒА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 420–434. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.038.