Мақаланың авторлары қазақ және башқұрт халықтарының этнопедагогикасындағы этнос субъектісін тәрбиелеудегі халық педагогикасының тәрбие құралдары мен әдістерінің, халық тәжіриебелері мен тәлімдік мұрасына тоқталады. Сонымен қатар салыстырмалы тұрғыдан этностардың мәдени сәйкестігінің негізі тарихы, тілі, салт-дәстүрі, ғұрып-әдеті, діни сенімдерімен байланысы туралы жан-жақты сипатталып, оның тұлға тәрбиесіндегі роліне тоқталған. Қазақ және башқұрт халықтарының тәрбие тарихында замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтары мен тәрбие мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, тұлғаның ізгілік қасиетін нығайтып, халықтың даналық өмір салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидаларды құрайды. Этомәдени мұралар тұлға тәрбиесінің алтын діңгегі болып табылады. Оның негізінде халықтардың өз ұрпағын тәрбиелеудегі өзара үндестігі мен рухани байланысын нығайта түседі. Демек, осындай тәрбиені бойына сіңірген тұлға түркілік мәдениетті, түркілік ізгілікті қастерлейтін кәміл адам дәрежесінде сипатталады.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ БАШҚҰРТ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған December 2025
11
12
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
тұлға тәрбиесі
менталитет
рухани құндылықтар
ізгілік
этномәдени білім
түркілік мәдениет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Duisenbayev А., Baidaliyev D., Tokzhanova А., Kurgambekov М., Bazargaliev G. . 2025. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ БАШҚҰРТ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 75–82. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.007.
