Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ICT МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУ

Жарияланған June 2026

5

4

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университет
Аңдатпа

  Мақалада университет студенттерінің академиялық дайындық кезеңіндегі ғылыми-зерттеуге деген қызығушы-лықтарының деңгейін зерттеу ұсынылған. Осы тақырып бойынша отандық және шетелдік басылымдарға аналитикалық шолу жүргізілді. Әдістемелік негіз ретінде зерттеу мотивациясының құрылымдық тәсіліне негізделген ICT моделі пайдаланылды. Теориялық негізі ғылыми қызығушылық психологиялық құбылыс ретіндегі идеялардан, студенттердің ғылыми білімді меңгерудегі қажеттіліктерінен, сондай-ақ білім беру ортасындағы зерттеу мотивациясын жан-жақты талдау мүмкіндіктерінен тұрады. Қызығушылық деңгейі Г.Хекхаузеннің мотивация теориясы негізінде бағаланды, ол үш негізгі құрылымды анықтайды: мотивациялық, мазмұндық және техноло-гиялық. Осылардың негізінде студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін саралауға мүмкіндік беретін бес деңгейлі зерттеушілік қызығушылық шкаласы әзірленді. Эмпирикалық зерттеу Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универ-ситетінің 379 бакалавриат студенттерінің іріктеуімен жүргізілді (студенттердің жалпы санынан 5%). Мәліметтерді жинау және өңдеу сипаттамалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылды. Визуализация және статистикалық өңдеу үшін MS Excel, Power BI, Statistica және R пайдаланылды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сабитова Д.С., Оразбаева К.О., Айдархан Б., . 2026. ICT МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 94–104. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.010.