Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін полилингвалды оқыту тәсілі шеңберінде қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – педагогикалық бағыттағы студенттердің цифрлық құзыреттілік деңгейін және олардың цифрлық білім беру ортасында полилингвалды стратегияларды қолдануға дайындығын анықтау.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы педагогтарды даярлау жүйесін цифрландыру және білім беруді жаһандандыру жағдайында жаңғыртудың қажеттілігімен анықталады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде теориялық талдау, сауалнама жүргізу, тестілеу және корреляциялық талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелері студенттердің цифрлық құзыреттілік деңгейі мен полилингвалды технологияларды тиімді қолдану дайындығы арасында оң байланыс бар екенін көрсетті. Қорытындылар болашақ мұғалімдерді даярлау бағдарламаларына цифрлық және полилингвалды модульдерді интеграциялау қажеттілігін дәлелдейді.
Зерттеудің құндылығы педагогикалық білім беру саласында цифрлық сауаттылықты дамыту тәсілдерін негіздеуде жатыр. Практикалық мәні – алынған нәтижелерді оқу бағдарламаларын және мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын әзірлеуде қолдану мүмкіндігі.
