Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жарияланған September 2025

6

20

Қазақ спорт және туризм академия
Аңдатпа

Мақалада цифрлық технологиялардың шұғылданушылардың дене белсенділігі мен уәждемесіне әсерін анықтау бойынша зерттеулер ұсынылған. Соңғы жылдары көптеген әртүрлi қосымшалар, оның iшiнде дене шынықтыру және спорт саласында пайдаланылатын қосымшалар пайда болды. Әртүрлі жастағы пайдаланушылардың көбі дене шынықтыруды жетілдіру және дене жаттығуларымен айналысуға қызығушылығын арттыру үшін мобильді қосымшаларды қолданады. Мобильдік қосымшалар жастар ортасында үлкен танымалдыққа ие болды және олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды, бұл оқу сабақтары шеңберінде студенттердің дене және мотивациялық белсенділігіне олардың әсерін іріктеу және талдау мақсатында педагогикалық зерттеу жүргізуге негіз болды. Мақала ғылыми, педагогикалық әдістер мен математикалық талдауды пайдалана отырып, қолданбалы сипаты бар басқарылатын педагогикалық эксперимент контексінде жүргізілген зерттеу нәтижелеріне негізделген.

Өткізілген педагогикалық зерттеудің практикалық құндылығы дене тәрбиесі процесіне жұмылдыру қосымшаларын қолданудың дене шынықтыру жағдайына өзара ықпалдасуын дәлелдейді, бұл дене шынықтыру сабақтарын өткізудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, эксперимент деректеріне сәйкес мобильді технологияларды қолдану «Дене шынықтыру» пәнін оқытуда тұлғаға бағдарланған тәсіл идеясын іске асыруға мүмкіндік береді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Батяшова И.В., Дошыбеков А.Б., Кривец О.А., Тілеубергенова Н.Ж., Усина Ж.А. , . 2025. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛДАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 168–178. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.015.