Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР САЛАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ

Жарияланған September 2025

4

5

ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы»
Аңдатпа

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi жаңғырту жағдайында педагогикалық өлшемдер саласында кәсiби құзыреттерi бар педагогтарды даярлау сапасын арттыруға қажеттiлiк өсуде. Оқу процесiн тиiмдi ұйымдастыру, бiлiм алушылардың жетiстiктерiн объективтi бағалау, нәтижелердi диагностикалау мен түсiндiрудiң қазiргi заманғы құралдарын қолдану педагог қызметкерлердiң тиiстi iскерлiгi мен бiлiмiнсiз мүмкiн емес. Мақаланың негізгі мақсаты Орталықтың тәжірибесі мен мүмкіндіктері негізінде Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінде педа-гогикалық өлшемдер саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға жүйелі тәсілді енгізу қажеттілігін ғылыми негіздеу болып табылады. Зерттеуде нормативтік құжаттарды талдау, практикалық тәжірибені жинақтау, сарапта-малық сауалнама және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Осы саладағы педагогтарды даярлаудың ағымдағы жай-күйін талдау нәтижелері ұсынылды, негізгі тапшылықтар анықталды және мазмұнды, цифрлық ресурстар мен нәтижелерді бағалау тетіктерін қамтитын даярлау жүйесінің компоненттері ұсынылды. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу, цифрлық құралдарды енгізу және үздіксіз кәсіби даму үшін жағдай жасау арқылы өлшем саласында педагогтарды жүйелі даярлауды институционалдандырудың орындылығы туралы қорытынды жасалды. Нәтижелер білім беру сапасын арттыру және педагог кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық бастамаларда пайдаланылуы мүмкін.

pdf (English)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Алтыбаева Ш.Б., Дидарбекова Н.А., Каркенова А.К. , . 2025. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР САЛАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛ: ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 320–330. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.029.