Бұл зерттеуде дәстүрлі музыканың бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Зерттеу мақсаты – дәстүрлі музыка арқылы ұлттық мәдени мұраны жас ұрпақтың бойына сіңірудің тиімді жолдарын анықтау. Зерттеу әдістеріне педагогикалық бақылау, сауалнама, әңгімелесу және эксперимент енгізілді. Эксперимент Алматы қаласындағы №175 Жаңа Ғасыр мектеп-гимназиясының 3–4-сынып оқушылары арасында жүргізілді. Музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарда дәстүрлі музыканы жүйелі қолдану оқушылардың ұлттық өнерге қызығушылығын, патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын арттырды. Нәтижелер эксперимент және бақылау топтары арасындағы айырмашылықтар арқылы сандық және сапалық тұрғыда дәлелденді. Зерттеу қорытындысы ретінде дәстүрлі музыканы оқу-тәрбие процесіне кешенді және жүйелі түрде енгізу бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда, дамытуда маңызды құрал екенін көрсетеді.
ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
дәстүрлі музыка
ұлттық құндылықтар
музыка сабақтары
патриоттық тәрбие
ұлттық аспаптарда ойнауға үйрету
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қамза Г.Б.,1 Жумабаева А.Е., . 2026. ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 386–396. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.037.
