Бұл мақалада жоғары білім беру жүйесінде гидрогеология негіздерін оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері мен оқыту тәжірибесі жан-жақты қарастырылады. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар ушығып, климаттың өзгеруі, ауыз су тапшылығы, жер асты суларының ластануы сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шыққан жағдайда, гидрогеология пәнінің өзектілігі бұрынғыдан да арта түсуде. Бұл пәннің мазмұны болашақ география мамандары үшін маңызды кәсіби дайындық элементі ретінде қарастырылады, себебі ол тек ғылыми білім беріп қана қоймай, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік салаларында шешім қабылдай алатын құзыретті мамандарды даярлауға бағытталған. Сондықтан зерттеу жұмысының мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде гидрогеология негіздерін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді талдап, олардың тиімділігі мен қолдану ерекшеліктерін анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру арқылы география мамандығы бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығын жетілдіру, сонымен қатар олардың экологиялық ойлау қабілеті мен ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту көзделеді. Зерттеу барысында мазмұндық талдау, салыстырмалы сипаттама, педагогикалық бақылау және сапалық сараптама сияқты әдістер қолданылды. Мақалада гидрогеология пәнін оқытуда кеңінен пайдаланылатын дәстүрлі әдістер (дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар) және инновациялық тәсілдер (интерактивті оқыту, цифрлық білім беру платформалары, далалық экспедициялар, модельдеу және жобалау әдістері) жан-жақты сипатталады. Сондай-ақ, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін визуализация құралдары мен цифрлық технологиялардың маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тәжірибеге бағытталған оқыту формалары, интеграцияланған әдістер мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану студенттердің пәндік білім сапасын едәуір арттырады. Теориялық материалды практикалық мысалдармен ұштастыру, проблемалық тапсырмалар беру, топтық жобалар арқылы өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын дамыту оқытудың тиімділігін жоғарылатады. Дегенмен, кейбір жоғары оқу орындарында әдістемелік ресурстардың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі сынды қиындықтар әлі де кездеседі. Қорытынды бөлімде гидрогеология негіздерін оқытуда тиімді педагогикалық әдістерді жүйелі қолдану болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны дәлелденді. Бұл бағытта оқытушылардың әдістемелік дайындық деңгейін арттыру, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және оқу бағдарламаларын қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ГИДРОГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жарияланған December 2025
0
4
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
жоғары білім беру
географиялық жоғары білім
гидрогеология негіздері
оқыту әдістемесі
оқыту әдістері
инновациялық әдістер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Usein G., Shakirova N., . 2025. ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ГИДРОГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 203–213. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.018.
