Берілген мақалада болашақ бастауыш сынып мұғлімдерінің сандық ойлау құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері зерттелген. Сандық және есептік ойлаудың сипаттамалары мен құрылымдары, көрсеткіштері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырмалы түрде зерттелген. Шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріне талдау жасалған. Есептік ойлау – бұл тапсырмаларды информатикалық әдістермен шешуге бағытталған кішігірім, техникалық ұғым болса, ал сандық ойлау – сандық технологиялармен тиімді жұмыс жасауға қажетті ауқымды дағдыларды және есептік ойлауды да қамтитын кең ұғым деп негізделеді.
Сонымен қатар, сандық ойлау ұғымы өз алдына бөлек ұғым ретінде анықталған. Сандық ойлау құзыреттілігінің теориялық негіздері педагогикалық және психологиялық тұрғыдан айқындалған. Осы талдаулардың негізінде «сандық ойлау», «сандық ойлау құзыреттілігі» ұғымдарына анықтама берілген.
Шетелдік және отандық зерттеулерді талдай келе бастауыш мұғалімдерінің сандық ойлау құзыреттілігін қалыптастырудың теориялары негізделген. Бастауыш мұғалімдерінің сандық ойлау құзыреттілігі – оның цифрлық технологияларды сол технологияның тілінде толық пайдалана білуі ретінде негізделген.
