Мақалада жобалау әдісі арқылы оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз етудің диагностикасы беріледі. Ең алдымен, жобалау әдісі арқылы оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз етудің диагностикасын ұсынуда педаго-гикалық проблема ретінде сипатталуы талданды. Теориялық талдауларда бірнеше ұғымдарды талдаудың қажеттігі туындап, теориялық негіздерін анықтауда негізгі түсініктерінің мәні мен мазмұны айқындалды. Жобалау әдісі арқылы оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз етудің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері негізінде түсініліп, танылады. Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі, мазмұндық деңгейі, технологиялық деңгейі және үдерістік деңгейінің ішкі сипаттамалары беріледі. Динамикалық педагогикалық байланыс компоненттерден (мотива-циялық-мазмұндық, танымдық-іс-әрекеттік, рефлексивтік-бағалаушылық) түзілген өлшемдері жобалау әдістері арқылы әлеуметтенуге мотивациялық-құндылық қатынасы және жобалауды құрастыруға білімдері мен біліктерінің іс-әрекеттегі көрінісі, әлеуметтендіруде жобалау әдістері арқылы өзін-өзі білімдендіру шеберлігі деп көрсетіледі. Компоненттер мен өлшемдерге сай көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және деңгейлеріне (төменгі, орта, жоға-ры) сәйкес жүзеге асырылды. Мақалада жобалаудың өзіне тән ресурстары ретінде интеллектуалдық, ерік – жігерлік, адами позициялық, ұйымдастырушылық, басқару, іс-әрекеттік, материалдық-қаржылық сапалары баяндалады.
Эмпирикалық бөлімде А.Н.Волкованың «Рөлдік болжау мен әрекеттену» әдістемесі және «Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтенуінің деңгейін анықтауға арналған авторлық сауалнамасы» негізінде диагностикалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
