Мақалада біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы мектептің оқу үдерісінде цифрлық білім беру технологияларын пайдаланумен байланысты мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін арттыру мәселесі қарастырылады. Сонымен бірге қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді цифрлық білім беру технологиялары баяндалады.
Цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде мүмкін болады. Авторлар оқу үдерісінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану мәселелері бойынша педагогикалық бағыттағы қазіргі педагогтар мен болашақ педагог-студенттерге сауалнама жүргізу барысында алынған эмпирикалық деректерді талдау негізінде цифрлық технологияларды пайдалану кезіндегі проблемалар мен қиындықтарды, қашықтықтан оқытуды табысты іске асыру үшін құзыреттілікті арттыру түрлерін анықтайды.
Білім беру саласындағы АКТ-құзыреттілікті талдау негізінде авторлар «Қашықтықтан оқудағы цифрлық білім беру технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын әзірлеп мұғалімдерді оқытуда алынған нәтижелерді көрсетеді. Сауалнама жүргізу арқылы мұғалімдердің оқу үдерісінде цифрлық құралдар мен сервистерді қолдануға дайындығы мен ұмтылысы анықталып, білім беру үдерісіне қатысушылардың тиімді онлайн-коммуникациясын ұйымдастыру, цифрлық құралдар мен сервистердің әлеуетін пайдалану сияқты мәселелерді одан әрі дамыту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.