Қазіргі уақытта білім беру саласында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдеріне жаңа мүмкіндік пен серпін береді. Әсіресе, болашақ биолог мұғалімдерді даярлау кезінде цифрлық контенттерді интеграциялау үлкен маңызға ие. Бұл технологиялар оқыту процесінің тиімділігін арттырып, оқушы-лардың пәнге деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді. Биология пәні табиғаттағы күрделі процестер мен құбылыстарды түсіндіруді қажет ететіндіктен, цифрлық контенттердің (анимациялар, 3D модельдер, виртуалды зертханалар, бейнемазмұн) қолданылуы оқушыларға теорияны көрнекі түрде жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, мұғалімдерге білім беру процесін жеке көзқараспен ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі.
Мақалада болашақ биолог мұғалімдеріне интеграцияланған цифрлық контенттерді жасау мен пайдалануға кәсіби даярлау мәселелері қарастырылады. Бұл контенттерді қолдану арқылы оқыту әдіс-тәсілдерін жаңарту, білімді визуализациялау, интерактивті тапсырмаларды енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері зерттеледі. Болашақ мұғалімдердің цифрлық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді цифрлық контенттермен үйлестіру, сондай-ақ оқушылардың білімін бағалау мен кері байланыс беру тәсілдері талқыланады. Мақалада цифрлық контенттерді тиімді пайдалану мұғалімдер мен оқушылардың оқу процесіндегі өзара әрекеттестігін жақсартуға мүмкіндік беретіні, сонымен қатар болашақ биолог мұғалімдерінің кәсіби дамуына маңызды ықпал ететіні көрсетіледі.
