Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ: ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ КОНСОЛИДАЦИЯЛАУ ПАРАДИГМАЛАРЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған December 2025

10

15

Алматы технологиялық университет
Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындары білім траекториясында интеграциялық оқытудың инновациялық парадигма-сындағы синергетикалық аспект қарастырылады. Синергетикалық білім мазмұны – пәнаралық сипаттағы оқу мәтіндері арқылы жүзеге асатын оқыту моделінің басты шарты ретінде түсіндіріледі, сондықтан мәтінді танудағы пәндердің мәніне талдау жасалады. Синергетиканың бейқалыптылық, бейсызықтық, ашықтық ұстанымдарына сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың синергетикалық моделі және оны жүзеге асырудың шарттары ұсынылады, синергетика қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы ретінде жүйеленеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілі экспрессивтік стилистикасын пәнаралық консолидациялау және интеграциялық оқытудың синергетикалық моделінің теориялық және практикалық негіздерін айқындау, ол үшін пәнаралық мазмұндағы мәтіндер арқылы тілді оқыту тәжірибесі жүйеленді. Мазмұндық талдау, салыстырмалы әдіс, сауалнама, эксперимент, педагогикалық бақылау синергетикалық модельдің ұтымдылығын және білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдердің негізділігін көрсетті. Зерттеу нәтижесінде білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, тілдік білімді тереңдетуге, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді модель ұсынылды. Цифрлық ресурстар мен BilimLand, Daryn Online платформаларын пайдалану оқыту үдерісін белсендіреді, интерактивті мүмкіндіктерді кеңейтеді. Синергетикалық әдістер білім алушылардың когнитивтік, эмоционалдық, коммуникативтік қабілеттерін кешенді дамытып, экспрессивтілікке негізделген пәнаралық тілдік білім мәселе қоя білу, шешім қабылдау, логикалық және сыни ойлауды жүйелендіреді. Сонымен қатар модель оқытушының рефлексивтік құзыреттілігін күшейтіп, оқу материалын таңдау, құрылымдау, бағалау стратегияларын жаңаша тұрғыдан құруға мүмкіндік береді, конструктивистік тұрғыдағы дербес және топтық оқу іс-әрекетін қолдайды. Анализ–синтезге сүйенген бұл модель оқыту үрдісін динамикалық, бейімделгіш, интерактивті сипатқа көшіріп, заманауи білім беру парадигмасындағы пәнаралық интеграцияға негізделген инновациялық әдіс ретінде ұсынылады, сондықтан оның теориялық, әдістемелік және қолданбалы маңыздылығы айқындалды, әрі болашақта көптілді білім беру кеңістігінде модельді бейімдеу мен эмпирикалық валидациялау бағыттары айқындалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Қоянбекова С.Б., Бектурганов Ж.М., Джамамбетова А.У., . 2025. СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ: ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ КОНСОЛИДАЦИЯЛАУ ПАРАДИГМАЛАРЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 64–75. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.006.