Мақалада STEM тәсіліне негізделген білім беру жүйесін трансформациялауы бойынша әлемдік зерттеулері талданады. Ғылыми зерттеудегі негізгі ұғымдардың мазмұны сипатталады. Оқу-ұйымдастыру, оқу-интеллек-туалдық, оқу-коммуникативтік, оқу-ақпараттық пәндік білік түрлеріне талдау жасалады. STEM білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының пәндік білігін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтауда қандай біліктер негізге алынып қарастырылатыны анықталды. Білімдік ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасау білігі, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасау білігі және компьютердің білімдік ақпарат іздеу жүйесімен жұмыс жасау білігі, зерттеу тақырыбы бойынша бақылау мен түрлі қырдан зерттеу жүргізу білу; алынған мәліметтерді ұйымдастыра алу білігі мен өз ойын сауатты білдіру білігі; зерттеу нәтижелерін дұрыс таныстыра алу білігінің мәні талданады.
Эмпирикалық бөлімде диагностикалау жұмыстарының барысы айтылады. Жалпы алғанда, эксперименттік және бақылау топтарына 76 респондент тартылып, нәтижелері беріледі. Диагностикалық түрлі әдістер мен құралдарды қолдану бойынша педагогикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен педагогикалық тәжірибелерге талдау жасалынды. Сонымен бірге бастауышта STEM білім беру қалай қойылғаны, бастауыш сынып оқушыларының пәндік білігін қалыптастыру бойынша қай бағыттар қолданылатыны талданады. STEM білім беру бойынша және пәндік білігін қалыптастыру бағытындағы қарама-қайшылықтар танылып, жаңа әдістер мен технологияны енгізудің қажеттілігі негізделеді. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы кезеңіндегі бақылау өткізу бағдарламасы ұсынылады. Қорытындыда ғылыми негізделген ұсыныстар баяндалады.
