Мақалада студенттердің дене тәрбиесін жетілдірудің педагогикалық шарттары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі салауатты ұлтты қалыптастырудың мемлекеттік стратегиясы мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі дене тәрбиесі жүйесінің тиімділігінің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықпен негізделеді. Зерттеудің мақсаты - студенттердің дене тәрбиесін жетілдіруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды ғылыми негіздеу және эксперименттік тексеру. Зерттеу әдістемесі сандық, іріктеу көлемі n=303 студентті құрайды. Дене тәрбиесін жетіл-дірудің педагогикалық шарттарына денсаулық сақтайтын білім беру ортасын құру, инновациялық технологияларды енгізу, мазмұнның вариативтілігін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру және оқу мен оқудан тыс дене шынықтыру-спорттық қызметті интеграциялау кіреді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топта статистикалық тұрғыдан маңызды оң өзгерістерді көрсетеді: дене тәрбиесінің жоғары деңгейіндегі студенттер санының 10%-ға, орта деңгейдегі студенттер санының 19%-ға артуы, төмен деңгейдегі студенттер үлесінің 29%-ға төмендеуі байқалады. Параметрлік емес статистикалық критерийлерді (Манн-Уитни U-критерийі және Вилкоксон Т-критерийі) қолдану алынған нәтижелердің маңыздылығын растады. ЖОО-да дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар жасалды.
ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған September 2025
5
6
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темирбай Н.М., Байкулова А.М., Курманбекова М.Б. , . 2025. ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 178–191. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.016.
