Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ҚҰЗІРЕТТІ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ: ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Жарияланған June 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Қазіргі таңда елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл жағдай арнайы педагогтерге деген сұраныстың күшеюіне, сонымен бірге олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру қажеттілігіне әкелуде. Арнайы педагогтердің кәсіби даярлығы білім беру сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады және қоғамда инклюзияны дамытудың шешуші тетігіне айналып отыр. Осыған байланысты болашақ арнайы педагогтерді даярлау жүйесін теориялық білім, тәжірибелік дайындық және әлеуметтік-құндылықтық ұстанымдарды кіріктірген кешенді тұрғыдан қарастыру өзекті мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын анықтау, олардың даярлығына қойылатын талаптарды талдау және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында мемлекеттік және университеттік мұрағат құжаттарына, ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Теориялық деңгейде анализ және синтез әдістері қолданылды. Практикалық деңгейде Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының жұмыс берушілері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 40-тан астам жұмыс беруші қатысып, түлектердің кәсіби құзыреттілігіне баға берді. Нәтижесінде түлектердің кәсібилігі үш негізгі бағытта айқындалды: білім (16%), практикалық дағдылар (16%), тұлғалық қасиеттер (17%). Сонымен қатар, жұмыс берушілер даярлау жүйесіндегі кемшіліктерді де көрсетті: тәжірибенің жеткіліксіздігі (25%), қазақ тіліндегі әдістемелік материалдардың аздығы және сурдопедагог мамандарының тапшылығы. Жақсы дамыған құзыреттер қатарында педагогикалық шеберлік, диагностикалық дағдылар, әдістемелерді қолдана алу, теориялық білім мен ақпараттық технологияларды меңгеру аталды. Осылайша, арнайы педагогтерді даярлау жүйесін жетілдіру ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың тиімді тетігі болып табылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Toktarbekova K., Smailova Zh., Barabanova E. , . 2026. БОЛАШАҚ ҚҰЗІРЕТТІ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ: ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 199–209. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.019.