Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК КОМПОНЕНТТЕРІ

Жарияланған March 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Бұл мақала болашақ арнайы педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде жобалық оқыту технологиясының құрылымын айқындауға және оның тәжірибелік компоненттерін ғылыми-әдіснамалық тұрғыда негіздеуге бағытталған. Қазіргі инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру тәжірибеге бағытталған, интегративті және рефлексивті оқыту форматтарын талап етеді. Осы контексте жобалық оқыту технологиясы болашақ арнайы педагогтардың пәндік, диагностикалық, коммуникативтік және зерттеушілік дағдыларын кешенді дамыту құралы ретінде қарастырылды. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік талдау құрайды, ол жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің көпдеңгейлі құрылымын ескере отырып, жобалық оқыту технологиясын кәсіби даярлау үдерісіне енгізудің логикасын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар салыстыру, жіктеу, логикалық талдау, синтез және дедукция әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде жобалық оқыту технологиясының құрылымдық компоненттері (мақсаттық, мазмұндық, ұйымдастырушылық, рефлексивтік және бағалау блоктары) жүйеленді және олардың өзара байланысы негізінде құрылымдық-мазмұндық модель ұсынылды. Сонымен бірге болашақ арнайы педагогтарды даярлауда жүзеге асырылатын негізгі тәжірибелік компоненттер: кәсіби жағдаяттарды модельдеу, инклюзивті білім беру жағдайында жобалау тапсырмаларын орындау, деректерге негізделген шешім қабылдау, ынтымақтастық пен кері байланыс механизмдері айқындалды. Ұсынылған құрылым мен тәжірибелік компоненттер болашақ арнайы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға теориялық әрі практикалық негіз бола алады. Зерттеу нәтижелері педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, арнайы педагогтар және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептердің басқа қызметкерлері үшін практикалық құндылыққа ие.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мамадалиев С.Т., Аутаева А.Н., Бекмурат А.Т. , . 2026. БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК КОМПОНЕНТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 214–224. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.021.